Құрметті ата-аналар!

Жарияланған: 09.07.2018


Жазғы уақыт та, онымен бірге шомылу маусымы да келіп жетті. Өкінішке орай, жаз мезгілінде су айдындарында балалардың қатысуымен жазатайым оқиғалардың саны арта түседі. Осы кезеңде балалар өте белсенді, әрі қызық құмар. Балалардың абайсыздығы қайғыға әкелуі мүмкін! Құрметті үлкендер, балаларымызға мұқият қарайық. Балаларды үлкендердің қарауынсыз ашық су айдындарында немесе басқа қауіпті жерде көрсеңіз, жанынан өте шықпаңыз. Барлық фактілер бойынша 102, 112 телефондарына xабарласуларыңызды сұраймыз. Балаларымызды қасіреттен бірге қорғайық!

Баянауыл ауданының әкімшілігі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы