Республика жеңімпаздары

Жарияланған: 01.11.2019


       Республикалық «Үздік ресурстық орталық байқауы  Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі базасында өтті. Конкурсқа қатысуға республиканың 11 облысынан ресурстық орталықтар өтінім берді. Байқауға облыстық іріктеу турларының жеңімпаздары қатысты. Павлодар облысының намысын №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебі қорғады.

       Конкурстың мақсаты – ресурстық орталық қызметін ұйымдастырудың үздік тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату, шағын жинақты мектептердің басқару, әдістемелік және оқу-тәрбие қызметіндегі жаңа педагогикалық идеялар мен инновациялық тәсілдерді іздеу. Конкурстық комиссияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, өңірлердің әдістемелік қызметтерінің өкілдері кірді.

        Байқау жеңімпаздары келесі көрсеткіштер бойынша анықталды: білім алушылардың білім сапасы, магниттік шағын жинақтық мектепті тәрбиелеу және әлеуметтендіру, материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базаның, кадрлық әлеуеттің, менеджменттің сапасы, әлеуметтік әріптестікті дамыту. Әдістемелік қызметтердің тиімділігі, ресурстық орталық және магниттік шағын жинақтық мектеп жағдайында инклюзивті және көптілді білім беруді іске асыру, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану, магниттік мектептердің қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша ресурс орталық қызметі, шағын жинақтық мектептің облыстық және республикалық жобаларға қатысуы, магниттік мектептердің оқушыларын тасымалдауды, тұруды және тамақтандыруды ұйымдастыру ескерілді.

        Конкурс қорытындылары бойынша №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің ресурстық орталығы  ІІІ орынды иеленді.

       Жеңімпаздар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мадақтамаларымен және дипломдарымен марапатталды.

Мәншүк Тынысқызы Шумақова,

Баянауыл аудандық білім бөлімнің әдіскері.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы