Введите ваш запрос для начала поиска.

  • Меню » Жаңалықтар » Рапид және блицтен Павлодар облысының чемпионаты ойындары өтті

Рапид және блицтен Павлодар облысының чемпионаты ойындары өтті

Жарияланған: 06.12.2018


Ағымдағы жылдың 28 қараша – 02 желтоқсан күндері аралығында Павлодар қаласында«Шахмет үйінде» тоғызқұмалақтан  9,11,13,15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған рапид және блицтен Павлодар облысының чемпионаты ойындары өтті.

Чемпионатқа Павлодар облысының аудандарынан және Павлодар қаласы, Екібастұз, Ақсу қалаларының жас спортшылары қатысты.

Ауданымыздың намысын қорғаған жас спортшылар келесідей нәтижеге қол жеткізді: Төкен Елжас тоғызқұмалақтың блиц ойын түрінен I орын, рапид түрінен III орын, Байшүкір Нұрғалым тоғызқұмалақтың рапид ойынынан I орынға ие болды.

Шәкірттерінің осындай жетістіктерге жетуі жолында еңбек етіп келе жатқан Баянауыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Торайғыр ауылдық округі филиалының тоғызқұмалақ спорт түрінен жаттықтырушысы Байшүкір Дархан Шишханұлының зор еңбегін атап өткен жөн.

 

Баянауыл ауданының дене тәрбиесі,

                                                           спорт және туризм бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы