Пробация қызметінің аясында

Жарияланған: 13.06.2019


            Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарда әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8-желтоқсандағы №387 Жарлығы шеңберінде және «Пилоттық жоба» аясында Баянауыл ауданының Пробациялық қызметінде шартты түрде пробациялық бақылауда тұрған азамат Арман Шахметов өткен жылы тұрғын үймен қамтамасыз етілген болатын. Баянауыл аграрлық-техникалық колледжінде оқитын Арман Анатолиұлының жағдайын, ата-анасының жоқтығын ескерген аудан әкімшілігі жас жігіттің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету мақсатында осындай тарту жасаған еді.

            Біз, Баянауыл ауданының Пробациялық бөлімше қызметкерлері, жақында Арманның үйіне тексеруге барып, тұрмыс жағдайымен таныстық. Тексеріс барысында «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Сонымен бірге Арманнан алдағы уақытта қандай көмек керектігін білдік. Әңгіме барысында, әлеуметтік-құқықтық көмек алуды ұсыну және одан бас тарту тәртібін түсіндіру және оны алуға жәрдемдесесу, медициналық көмек алу, кәсіпті меңгеру, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, психологиялық демеуді қамтамасыз ету, заңнамалық ақпараттандыру секілді мәселелер айтылды. Қайта қылмыс жасамау туралы түсініктеме берілді.

            Арман да өз кезегінде «Пилоттық жоба» аясында қамқорлық танытқан Баянауыл ауданының әкімшілігі мен аудандық пробация қызметіне алғыс білдірді.

 

Еділ ШАЙХИН,

Баянауыл аудандық Пробация

қызметінің бөлімше басшысы,

әділет майоры.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы