Пресс-релиз

Жарияланған: 27.09.2019


Бала өмірдің мәні, мектебіміздің сәні. Оқушыларымыздың қауіпсіздігі үшін әрдайым жұмыс үстінде боламыз. Оқушылардың мектептен тыс уақыттағы қауіпсіздігі біз үшін маңызды.  Сабақ аяқталған бойда, үйге қайтар жолда жол жүру ережерін сақтай ма? Міне, осындай сұрақтар бізді жиі мазалайды.

Оқушылармыздың қауіпсіздігі үшін, біз Республикалық «Қауіпсіз білім ордасы» атты тақырыпта жүріп жатқан акция барысында Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде әлеуметтік ұстаз Диана Баянбекқызының Қабылқайырдың және мектебіміздің «Жас жол» инспекторларының жетекшілігімен 5-8 сыныптар арасында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбына жол инспекциясы бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге әкімшілік полиция бөлімінің басшысы, майор Жанатбек Оразбекович Ашуов және жол инспекциясы бөлімінің «GOS Auto»аға инспекторы, майор Асхат Боршибаевич Нурпеисовқатысты.

Жол инспекциясы бөлімінің «GOS Auto»аға инспекторы, майор Нурпеисов Асхат Боршибаевич, кездесу барысында оқушыларға жолда жүру ережеріне жеке-жеке тоқталып, таныстырып өтті.

Жолдың арғы шетіне өтіп жатқан уақытта, ең алдымен оң және сол жағына қарап алып, көліктің тоқтағанына  көз жеткізіп алу керектігін айтты. Ұялы телефон, электорнды құлаққапты жолда жүріп келе жатқанда қолданбау керек екенін түсіндіріп өтті.

Себебі, жолда келе жатып алдыңнан немесе артыңнан келіп қалған көліктің дыбысын естімей қалып, оқыс жағдайға ұшыраулары мүмкін. Осындай жағдайларды алдын алу үшін, оқушылар үнемі мұқият болып, жаяу жүргіншілерге арналған жолды пайдалануымыз керек.

Мектебіміздің «Жас жол» инспекторлары кездесу барысында ең алдымен өздерін таныстырып, артынша жол жүру белгілерін таныстырып өтті. Жолда жүру ережесі тақырыбында бейнероликтер көрсетіп, ашық сұрақтар қойды. «Жас жол» инспекторларына алғысымыз шексіз.

Білім ордамызда оқушылармыздың қауіпсіздігі үшін өткізіліп жатқан осындай кездесулерге атсалысқан тәрбие ісі меңгерушілері Ляззат Танирбергеновна Абишеваға және Тумаргүл Сағатовна Алдамжароваға алғысымыз шексіз.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы