Пресс-релиз

Жарияланған: 17.09.2019


Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні бүкіләлемдік денсаулық күніне орай аудан орталығында бірқатар спорттық іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ,  2002-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудандық жарыс №2 жалпы орта білім беру мектебінің футбол алаңында өтіп жатса, мекемелер арасында эстафеталық жарыс пен стритбол спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы жарыс агро-техникалық колледждің футбол, стритбол алаңында жалғасын тапты. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ауқымды іс-шараларға жасөспірімдер ғана емес, сондай-ақ  ересек азаматтар мен азаматшалар да етене араласты.

Нәтижесінде, 2002-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында шағын футбол спорт түрінен өткізілген турнирде 1 орынға Ш. Айманов атындағы мектеп-интернаты оқушылары ие болып, 2 орынғы Жаңажол ауылдық округінің оқушылары иеленді. 3 орынға Баянауыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі құрамасы табан тіреді.

 Стритбол спорт түрінен №2 жалпы орта білім беру мектебінің  оқушыларынан құралған командалар 1 орын Арлан, 2 орын Баян, 3орын Арлан 2 командалары ие болды.

Эстафеталық жарыста 1 орынға Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты, 2 орынға №2 жалпы орта білім беру мектебі құрамасы, 3 орынға Баянауыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі құрамасы ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ауданның дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі тарапынан мадақтамалармен және медальдермен марапатталды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы