Пресс-релиз

Жарияланған: 06.09.2019


Бүгін ауданымызда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауын түсіндіру жөніндегі аудандық идеологиялық активінің отырысы өтті. Отырысқа мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, мекеме және Үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, Майкайың кенті және ауылдық округ әкімдері, ауданның Құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері қатысты.
       Аудан басшысы өз баяндамасында « Билік тек қана билік айтып, басқару емес, билік – бұқараның талап-тілектерін тыңдау, орындау! Мен аудан әкімі ретінде бүгінгі күнді ғана емес, болашақты бағдарлауым керек. Сол себепті сіздердің пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз, ақылдарыңыз біздің жұмысымызға серпін береді. Біз үнемі демократиялық, еркін ойлы қоғаммен тұрақты диалог орнатуымыз керек», - деді.
     Сонымен қатар, Активте аудан мәслихатының депутаты, білім беру саласының қызметкері, кәсіпкерлер палатасының директоры,жас кәсіпкерлер президент жолдауын түсіндіру бойынша баяндама оқыды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы