Пресс-релиз

Жарияланған уақыты: 11.08.2019


Ағымдағы жылдың 15-17 тамыз күндері облыс орталығында  Академик Қ.И.Сәтбаевтың 120-жылдығына арналған спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлерінен XXII облыстық кешенді спартакиада бағдарламасының стритбол, армрестлинг, гирь көтеру, асық ату, аударыспақ, арқан тарту спорт түрлерінен жарыстары өтті.

Жарыс нәтижесінде аударыспақтан аудан намысын қорғаған жерлестеріміз I орын иеленді. Атап айтсақ, 70 кг салмақ дәрежесінде Жакупов Ардақ, 80 кг салмақ дәрежесі бойынша Мұрат Ақжан, 90 кг салмақ дәрежесінде Аблешев Еркебұлан I орын иеленді, абсолют салмақ дәрежесінде Жұмағали Ердос II орын иеленді, айта кетсек Ердос әлде қайда ауыр салмақта өнер көрсетіп, қарсыластарын ойсырата жеңді.

Асық ату спортынан ерлер арасында Мұрсалов Арман, Айтбай Жасұлан, Сембі Амангелді жерлестерімізден құралған команда жүлделі I орынды иеленді. Гір көтеру спортынан 73 кг салмақ дәрежесінде Бердалин Таңат II орын иеленіп, жалпы команда 4 орынға табан тіреді.

Айта кететін болсақ, гір көтеруден аудан құрамасының сапында: Бердалин Таңат, Жапаров Жасұлан, Жадрин Ертай, Қайыр Мұхтар және Арман Теміршотов.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы