Пресс-релиз

Жарияланған: 19.08.2019


19.08.2019 жылы Баянауыл ауданы әкімінің аппараттық мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтер мен Майқайың кентінің әкімдері және мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібі бойынша Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ. Сарбасов Конституция күнін мерекелеу бойынша, Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М. Омарова және жұмыспен қамту орталығының директоры Ғ. Талипов жұмыспен қамту бойынша мобиль орталықтарының жұмыс барысы және «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы мәлімдеді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы