Пресс-релиз

Жарияланған: 10.07.2019


Ағымдағы жылдың 5 шілде күні аудан орталығында Қазақстан Республикасының Елордасы – Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай футбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ спорт түрлерінен XXII аудандық кешенді спартакиадасы өткізілді.

Аталған спорттық іс-шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Кәрімов Қанат Сәрсенұлы қатысып, қатысушыларды құттықтап жарыста сәттілік тіледі. Жарыс нәтижесінде футболдан былтырғы жеңімпаздар – Майқайың  кенті құрамасы чемпиондық  атақтарын қорғап қалса, Жаңатілек ауылдық округі құрамасы 2 орынды иеленіп, алаң иелері Баянауыл ауылдық округі құрамасы 3 орынды қанағат тұтты.

Шахматтан Тлеулесов Рауан, Акишев Багдат, Навалихина Ольга үштігінен құралған Құндыкөл ауылдық округі құрамасы жарыс чемпиондары атанса, Торайғыр ауылдық округінің намысын қорғаған Алпысов Қазбек, Амирханов Дюсет, Такишева Жайнагүл үштігі 2 орынды иеленіп, Сәтбаев ауылдық округінің спортшылары Досов Қ., Музафаров Қ., Досова А. 3 орынды қанағат тұтты. Дойбы спорт түрінен Жаңатілек ауылдық округі құрамасы 1 орын, команда құрамы: Батталов Алмаз, Нургалиева Аяна, Торайғыр ауылдық округі құрамасы 2 орын, команда құрамы: Сеитов Абылай, Муратбекова Ерсін, Күркелі ауылдық округі құрамасы 3 орын иеленді, команда сапында Нажимиденов Исламбек, Ауелбай Гаухар. Тоғызқұмалақ спорт түрінен     Байшүкір Мерғалым, Бүркіт Аспандияр, Қабылбек Анардан құралған Торайғыр ауылдық округі командасы 1 орын, Тұманбаев Ринат,  Ерсін Әлішер , Валитова Бахыт  үштігінен құралған Жаңатілек ауылдық округі 2 орын, Күрдебаев Б., Кенделева К. құралған  Құндыкөл ауылдық округі құрамасы 3 орынды иеленді.

Барлық жеңімпаздар және жүлдегерлер медельдармен және мадақтама қағаздарымен марапатталды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы