Пресс-релиз

Жарияланған: 24.06.2019


Ағымдағы жылдың 22-ші маусым күні Жасыбай демалыс аймағында Баянауыл курорттық аймағының ашылуына орай  спорттық іс-шаралар өткізілді.

Атап айтсақ, ауданымыздың спортшыларының қатысуымен салауатты өмір салтын нәсихаттай отырып Жасыбай-Торайғыр бағытында 10 шақырым жеңіл атлетикалық жүгіріс ұйымдастырылып өткізілді.

Сондай-ақ орталық жағажайда жағажай футболы, жағажай волейболы спорты түрлерінен аудандық ашық жарыстары өткізілді.

Аталған іс шараға ауданымыздың Баянауыл ауылдық округі, Майқайың кенті, Жаңатілек ауылдық округі, Торайғыр ауылдық округтерінің спортшылары ат салысты. Жарыс қорытындысы бойынша жағажай волейболынан 1 орынға Майқайың кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы, 2 орынға Баянауыл ауданының №28 өрт сөндіру бөлімшесінің командасы, 3  орынға Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп интернаты командасы ие болды.

Жағажай футболы спорт түрінен 1 орынға «Майкаин Золото» акционерлік қоғамы мекемесінің құрамасы ие болса, 2 орынды Жаңатілек ауылдық округінің құрамасы иеленіп, 3 орынды Майқайың кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қанағат тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтамалармен, медальдермен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы