Пресс-релиз

Жарияланған: 12.04.2019


Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Баянауыл ауылында академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120-жылдық мерейтойына орай спорттың олипиадалық, ұлттық және халықтық түрлерінен XXII аудандық кешенді спартакиадасы бағдарламасының қазақ күресі, аударыспақ, асық ату спорт түрлерінен жарыстар өтті. Аталған жарысқа ауданымыздың 11 ауылдық округінен 120-дан аса қатысушы  қатысты. Ең алдымен қазақ күресі және асық атудан жарыстар басталып, ойын күнінің екінші жартысында аударыспақ спорты жарысымен аяқталды.

Атап өтсек, қазақ күресінен 55 кг салмақ дәрежесінде 1-орын Амангелді Жангелді (Қызылтау а/о) 2-орын Рай Ерсұлтан (Майқайың кенті), Серік Ерқанат (Торайғыр а/о) 60 кг салмақ дәрежесінде 1-орын Акимбеков Арман (Күркелі а/о) 2-орын Сайлау Еркебұлан (Жаңатілек а/о) 3-орын Ілдебаев Әсет (Құндыкөл а/о) 66 кг салмақ дәрежесінде 1-орын  Мажитов Айдын (Жаңатілек а/о) 2-орын Уәлибек Жаңабай (Торайғыр а/о) 3-орын Сыздықов Ербатыр (Майқайың кенті) 74 кг салмақ бойынша 1-орын Сыздықов Ерасыл (Майқайың кенті) 2-орын Тұмайкен Дидар (Торайғыр а/о) 3-орын Сәрсенбек Еламан (Баянауыл а/о) 82 кг салмақ дәрежесінде 1-орын Изат Нұрсұлтан (Майқайың кенті) 2-орын Елубаев Ерболат (Сәтбаев а/о) 3-орын Майкенов Дулат (Жаңатілек а/о) 90кг салмақ дәрежесінде 1-орын Дәлелханұлы Мұхтар (Майқайың кенті), 2-орын Мұқашев Бақытжан (Қызылтау а/о) 3-орын Қинаятов Дәуітхан (Торайыр а/о) 100 кг салмақ дәрежесінде 1-орын Олжаш Азамат (Майқайың кенті) 2-орын Жапаров Жасұлан (Күркелі а/о) 3-орын Искаков Мақсат (Сәтбаев а/о), 100+ кг салмақ дәрежесінде Сламбек Мұрат (Құндыкөл а/о) 1 орын, Елубаев Бауыржан (Қызылтау а/о) 2 орын, Адамбаев Қуаныш (Майқайың кенті) 3 орынды иеленді. Жалпы командалық есепте 136 ұпаймен Майқайың кенті құрамасы 1 орын, 96 ұпаймен Торайғыр а/о 2 орын, 87 ұпаймен Құндыкөл а/о 3 орын иеленді.

Ерлер арасында асық ату спорт түрінен Бижанов Қуаныш (Ұзынбұлақ а/о)  1 орын, Мұрсалов Арман (Құндыкөл а/о) 2 орын, Бижанов Қапбас (Баянауыл а/о) 3 орын иеленді. Қыздар арасында «Бес асық» ойынында Нұрғазина Нұргүл 1 орын (Баянауыл а/о) Сарбасова Миртай (Қызылтау а/о)  2 орын, Куматова Айсауле 3 орынға ие болды. Жалпы командалық есепте Баянауыл а/о 1 орын, Қызылтау а/о 2 орын, Құндыкөл а/о 3 орынға ие болды.

Аударыспақ спорт түрінен 70 кг салмақ дәрежесінде Жакупов Ардақ 1-орын (Баянауыл а/о) 2-орын Мәлік Қажыкен (Жаңатілек а/о) 3-орын   Серікбай Абдрахман (Сәтбаев а/о) 80 кг салмақ дәрежесінде Жұмағали Ердос (Қызылтау а/о) 1-орын, Букенов Әсет (Майқайың кенті) 2-орын, Олжатай Күмісбек (Ақсаң а/о) 3-орын, 90 кг салмақ дәрежесінде Аблешов Бауыржан (Қызылтау а/о) 1-орын, Абылкасов Қанат (Ақсаң а/о) 2-орын, Елубаев  Ерболат (Сәтбаев а/о) 3-орын, 90+ кг салмақ дәрежесінде Сламбеков Асылбек (Қызылтау а/о) 1-орын, Кәрім Әнет (Күркелі а/о) 2-орын, Асылбеков Кенжебай (Ақсаң а/о) 3-орынға ие болды. Жалпы командалық есепте Қызылтау ауылдық округі құрамасы 1 орын, Ақсаң ауылдық округі 2 орын, Жаңатілек ауылдық округі 3 орына ие болды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы