Пресс-релиз

Жарияланған: 09.04.2019


Ағымдағы жылдың 5-7 сәуірі аралығында Түркістан облысы Кентау қаласында белбеу күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Еліміздің барлық аймақтарынан келген спортшылар арасындағы жарыс өте тартысты өтті. Аталған чемпионатта 70 кг салмақ дәрежесі бойынша жерлесіміз Омар Гаухар 1-орын иеленіп, Ташкент қаласында өтетін белбеу күресінен әлем чемпионатына жолдама алды. Спортшымызды бүгінгі жеңісімен құттықтаймыз және әлем чемпионатында сәттілік тілейміз!!!

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы