Пресс-релиз

Жарияланған: 14.03.2019


Ағымдағы жылдың 8-10 наурыз күндері Алматы қаласында самбо күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Қазақстанның барлық облыстарынан палуандар қатысқан тартыста жерлесіміз Изат Нұрсұлтан 82 салмақ дәрежесінде боз кілемге шығып жүлделі 2 орын иеленді. Жерлесіміз Нұрсұлтан алдағы уақытта өтетін азия чемпионатына тікелей жолдама алды. Қазақстан Республикасының құрама командасында өнер көрсететін палуанымызға сәттілік тілейміз.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы