Пресс-релиз

Жарияланған: 10.03.2019


Ағымдағы жылдың 9 наурыз күні Баянауыл ауылы, Сабындыкөл көлінде балық аулаудан аудандық ашық турнирі өтті.

Турнирге ауданның балықшылары белсене қатысып, өзара сына түсті. Жас баладан бастап, қарияға дейін қатысқан турнирде «Арлан» құрама командасы 1-ші орынға, «Айдабол» құрама командасы 2-ші орынға ие болды.

«Ең алғашқы ауланған балық» және «Ең ірі балық» номинациялары Айтбаев Еркебұланға бұйырса, «Ең кішкентай балық» номинациясы, сондай-ақ «Ең ересек қатысушы» номинациясы Оспанов Жетпіс атамызға бұйырды.

Мүбарак Ермұхаммед атты қатысушымыз «Ең жас қатысушы» номинациясына ие болды. Балық аулау сайысы аяқталған соң қатысушылар «Ең жылдам бұрғылаушы» жарысы бойынша сынға түсіп, аталған жарыста Айтбаев Еламан жылдамдық танытып, жеңімпаз атанды. Жыл сайын өтетін іс-шара жоғары деңгейде өтті, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ауданның дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің атынан мадақтама қағаздарымен, арнайы жасалған медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы