Пресс-релиз

Жарияланған: 25.12.2018


Ағымдағы жылдың 24-ші желтоқсанында Баянауыл ауылында 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында дәстүрге айналған Баянауыл ауданының ішкі істер бөлімінің кубогы ойындары өтті. Жарысқа 6 команда қатысты, олар Ж. Аймауытов атындағы ЖОББ мектебі, Ә. Марғұлан атындағы ЖОББ мектебі, С. Торайғыров атындағы ЖОББ мектебі, Баянауыл №2 ЖОББ мектебі, Ж. Ағаділов атындағы ЖОББ мектебі, Қаражар НББ мектебі құрама командалары. Ойын нәтижесі бойынша «үздік қорғаушы» номинациясына Қабиден Ақжол, «үздік шабуылшы» номинациясына Дүйсенбай Арман, «үздік жалғаушы» номинациясына Ғапыл Бекболат ие болса, Түскен Әли «үздік ойыншы» атанды.

Тартысты додада Ж. Ағаділов атындағы ЖОББ мектебі құрамасы топ жарып I орын иеленді, Ә. Марғұлан атындағы ЖОББ мектебі құрамасы II орын иеленсе,  Ж. Аймауытов атындағы ЖОББ мектебі құамасы жүлделі III орынға табан тіреді. Ә. Марғұлан атындағы ЖОББ мектебі құрамасының жаттықтырушысы Акишев Бағдат «үздік төреші» номинациясына ие болса, Баянауыл №2 ЖОББ мектебі құрамасының жаттықтырушысы Канафин Мақсат «үздік жаттықтырушы» номинациясына ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауға аудандық полиция бөлімінің басшысы М.Э. Мұсатаев, Баянауыл ауданының бас прокуроры Р.И.Рахматулла, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы О.Т.Түсіпов, қорғаныс істері бөлімінің басшысы А.Ж.Шадиев, Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ә.М. Күлбеков қатысты.  

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы