Пресс-релиз

Жарияланған: 24.12.2018


Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен кубик Рубик жинау бойынша жарыста 36 қалалық және басқа облыстар арасында №2 Майқайың ЖОББМ-нің командасы 5-ші орынды иеленді. Команданың құрамында: Габдулкалиев Асылжан, Камариден Диас, Сланбек Алмас, Аужанова Диляра,   Макатаев Нурмухаммед бар. Команданың жетешісі: Аужанов  Али Сабитович.

         Макатаев Нурмахамед ерекшеленіп көзге түсті. Ол осындай жарысқа екінші рет қатысып отыр. Өткен жылы ол III орынды жеңгеп болатын. Ал 2018 жылы II орынды иеленді. Нурмухамедтің бойынан келесі қасиеттерді байқауға болады: жауапкершілік, белсенділік, ұқыптылық. Осы бойыңнан қайтпа, Нурмухамед!

 

№2  Майқайың ЖОББМ-нің әкімшілігі.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы