Пресс-релиз

Жарияланған: 15.12.2018


МҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасының ересек «Балдырған» тобында «Тәуелсіздік –тұғырым» атты мерекелік  іс –шара өтті. Мерекелік шараны бастамас бұрын балабақша әдіскері ата-аналарды, әріптестерді, балаларды осы атаулы мерекемен құттықтап,  ізгі тілектерін білдірді. Ән-күй мұғалімі А. Нурбаева мен тәрбиешілер С. Багаева, Ж. Баймуканова ұйымдастырған ұлы мерекеге арналған концерттік бағдарлама жалғасын тапты. Концерттің соңы балалармен ата-аналарымыздың  орындауында қазақтың ұлттық биі «Қара жорғамен» аяқталды. Әдіскер: А. Паруова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы