Введите ваш запрос для начала поиска.

Пресс-релиз

Жарияланған: 04.12.2018


3 желтоқсан күні жас ақын "Баянтау" газетінің редакторы Қабділәшім Еламанмен мектебіміздің кітапханашылары Әлия Жунусова мен Ермек Мукатованың ұйымдастыруымен, 11а сынып оқушылары және Т.Ө.Жакинаның басшылығымен "Өмірқос" атты кітабының тұсау кесері болып өтті. Басты мақсаты: Баянауылда шыққан, мектебіміздің түлегі болған Еламанның алғашқы кітабы туралы және алғашқы өлеңдерімен танысу болатын. 
Кездесуді 11-а сынып оқушысы Таштаева Мөлдір сұрақ қоя отырып, сұхбат түрінде өткізді. Кездесудің соңына дейін қызықты деректермен толықтырылып ақынның өлеңдері кезек-кезек оқылды. Кездесуге мектебіміздің қазақ тілі мен әдедиет мұғалімдері Танат Қуанұлы мен Айжан Шахмановна және 11-ә сынып оқушылары қатысты. Кездесудің соңында қатысушылар Еламанға шығармашылық табыс тілеп, алғыс білдірсе, Еламан өзінің тырнақ алды туындысы "Өмірқос" кітабын мектебіміздің кітапханасына, ұстаздарға, шәкірттерге тарту етті

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы