Введите ваш запрос для начала поиска.

Пресс-релиз

Жарияланған: 15.11.2018


Тәуелсіздігімізді алған тұста терроризм мен діни экстремизмнің соңғы кезде әлем бойынша белең алып бара жатқаны айдан анық. 1992 жылдың қаңтарында «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданған соң, елімізге жан-жақтан көптеген секталар мен ағымдар ағылып келе бастады.

Оның көпшілігі діни ұстанымы ұлт мүддесімен мүлде ұйыспайтын жат ағымдар еді. Діни жат ағымға адасқан жастарымыз бой алдырып жатқаны әрине өкінішті. Осының алдын алу бүгінгі күннің басты талабы.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың қараша айының 13- жұлдызы күні Баянауыл ауданы Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Имандылық» орталығының ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында семинар-кездесу өткізілді.

Шараға  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Тәңірбергенқызы, сынып жетекшілері, ұстаздары мен  9, 10- сынып оқушылары қатысты.

Семинар барысында оқушылар тарапынан  қойылған сұрақтарға нақты  жауаптар берілді, әдістемелік құралдар таратылды.

 

 

«Имандылық» орталығы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы