Пресс-релиз

Жарияланған: 09.11.2018


Киелі Торайғыр ауылында «Қараңғы қазақ көгіне

    Өрмелеп шығып күн болам....» - деп өрттей өлең жолдарын жазған, арманына жете алмай жастай кеткен Арқаның асқақ жанды, асқар жүректі, аяулы ақыны, ағартушы, жазушы, публицист, Алаш қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қаламды шын беріліп, алдым берік...» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының салтанатты кеші өтті.

Бұл мүшәйраға облыс бойынша жиырма шақты жас қаламгерлер өз туындыларын ұсынып, солардың ішінде алты жас қаламгерлер суырылып шығып, ел алдында шығармаларын паш етті. Павлодар облысы жазушылар одағының филиалының директоры Қани Арман Бақтанұлы бастаған,  «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының редакторы Әбіш Асыл Әлімжанұлы; «Регион Кz»  облыстық жастар газетінің жауапты хатшысы Жарқынбек Амантайұлы; «Баянтау» Баянауыл аудандық қоғамдық – саяси газетінің директоры Еламан Хасенұлы қостаған әділқазылардың шешімі бойынша: «Баянтау» газеті тағайындаған «Төлеген Мұқаев атындағы» арнайы номинацияны Жоламан Әйткен (10 000 теңге), 3-орынды Ерболат Әміренов пен Дария Келген (25 000 теңге), 2-орынды Алпысбай Хонжа (50 000), 1-орын Еламан Төлеутайға (70 000) бұйырса, Бас жүлдені (100 000 теңге) Екібастұздық ақын Рауан Қайдаров иеленді.          

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы