Пресс-релиз

Жарияланған: 06.11.2018


2018 жылдың 2 қарашасында Майқайың кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің КСРО спорт шебері, жоғары дәрежедегі жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші  Шарипжанов Өміртай Ақметкәрімұлының 55-жас мерейтойына арналған қазақ күресінен 2006-2008 ж.т  жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнирі ұйымдастырылды.

        Турнирдің ашылу салтанатын кент әкімінің м.а Р.А Махамбетов құттықтау сөзімен басталып, кентіміздің бас имамы Б.Солдат, Баянауылдық С.А.Толеуович өздерінің жүрекжарды, ізгі тілектерін айтып, жарысқа қатысушы барша қауымға сәттілік тіледі.

Турнирге Баянауыл ауылы, Торайғыр, Бірлік,  Жаңатілек, Жосалы, Шөптікөл, Сәтбаев, Жайма ауылдары, Майқайың кенті, Қалқаман, Ақсу қаласынан 26,29,32,35,38 салмақты барлығы 11 командадан 80-ге жуық палуандар күш сынасты. Майқайың кентінен қатысқан 32 салмақты Аймырза Әмір жүлделі 1 орында иемденсе, 26 салмақты Акимхан Эльдар –жүлделі 3 орынды қанжығасына байлады.

Осы турнирге демеушілік жасаған Қ.Саманбетов, Қ.Камашев, Қ. Ботин, Қ. Жапаровқа және де осы турнирге белсене атсалысып, ұйымдастырылуын қадағалап жүрген Шарипжанов Өміртай Ақметкәрімұлының барша шәкірттеріне үлкен алғысымызды білдіреміз!

 

                                                                            С.Хошорбайқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы