Пресс-релиз

Жарияланған: 13.04.2020


Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту жөніндегі 2020 жылға арналған аудандық іс-шаралар жоспарын іске асыру  мақсатында өзге ұлт өкілдерінің (орыс, украин, татар, башқұрт және т.б.) оқушылары арасында аудандық «Абай оқулары» байқауын жарялаған болатын. Абай оқуларының мақсаты: қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, түрлі этнос өкілдерінің Абай шығармашылығына, қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және еліміздің рухани бірлігін нығайту. Байқау онлайн режимде өткізілді. Шараға биыл ауданымыздан 7 үміткер қатысты.

Байқау үш тапсырмадан тұрды: 1.Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу. 2.«Абай жолы» романынан (1-кітабының «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда» тарауларының бірінен) үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау. 3.Үміткерлердің таңдауы бойынша Абайдың бір  әнін немесе кез келген халық әнін орындау.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Баянауыл №2 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Мужикова Елизавета бірінші орынға лайық деп танылды.

Екінші орынды №2 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тарасенко Александра иеленсе, үшінші орынға №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Казакова Виктория ие болды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Сайысқа баға берген қазылар алқасы «Өзге ұлт өкілдері арасында өтетін шаралардың деңгейін әлі де болса жоғарылату қажет»,-деген пікір қалдырды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы