Пресс-релиз

Жарияланған: 28.01.2020


Президенттің Жарлығына сәйкес, халық алдында есеп беру кездесуі Баянауыл ауылдық округінде жалғасты. Кездесуге ауылдық округ тұрғындары мен мекеме басшылары, сонымен қатар, Павлодар облысы әкімдігі аппаратының бас инспекторы Әбілдинов Мұрат Нәжмиденович қатысты.

Кездесу барысында Баянауыл ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы Сапабеков Әлібек Сұңғатбекұлы 2019 жылы ауданда атқарылған жұмыстар мен 2020 жылға арналған жоспарымен бөлісті.

Ал аудан әкімі Каримов Қанат Сәрсенұлы ауданымыздың қоғамдық-саяси дамуынан бастап, Мемлекет басшысының ұстанымдарының біріне айналған, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен жалғады.

Сондай-ақ ауыл шаруашылық, құрылыс, әлеуметтік сынды көкейкесті мәселелерді қозғады. Ауыл халқы тарапынан айтылған сауалдарға ойға қонымды, әрі толыққанды жауап беріп, кейбір шешімін таппаған мәселелер өзінің жұмыс бақылауына алды.

Есептік кездесу аяқталғаннан кейін аудан әкімі Кармов Қанат Сәрсенұлы ауыл тұрғындарымен жүздесіп, жеке қабылдау өткізді.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы