Пресс-релиз

Жарияланған: 28.01.2020


Кезекті есеп беру кездесулер Қаратомар, Жаңатілек ауылдық округтерінде жалғасты.

Жиында аталған ауылдық округтердің әкімдері өткен 2019 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, 2020 жылға жоспармен бөлісті.

Кездесу барысында ауан әкімі Қ.С.Кәрімов баяндамасында ауданнің қоғамдық-саяси дамуынан бастап, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен жалғады.

Сондай-ақ инвестиция, ауыл шаруашылық, құрылыс, жер, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, жастар саясаты сынды бірқатар көкейкесті мәселелерді қозғады.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады- деген ұстаныммен- ауыл халқы тарапынан айтылған сауалдарға жауап беріп, кейбір шешімін таппаған мәселелераудан әкімі Қ.С.Кәрімовтың жұмыс бақылауына алынды.

Есептік кездесу аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындарымен жүздесіп, жеке қабылдау өткізді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы