Пресс-релиз

Жарияланған: 19.12.2019


Биыл әлемдік опера ханшайымы Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен атап өтілді.

Күміс көмей, жез таңдай әншінің мерейлі мерейтойына орай Баянауыл аудандық білім бөлімінің қолдауымен, Майқайың балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Қазақтың бұлбұлы» атты аудандық ән байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға аудан мектептерінен 16 ұстаз қатысты. Байқау қортындысы бойынша Кұлқожа Аяжан (Майқайың кенті бөбектер бақшасы), Абильдинова Әйгерім («Шағала» балабақшасы), Әсетқызы Мөлдір (М.Ж.Көпейұлы ат.ЖОББМ) жүлделі ІІІ орынға ие болса, Искакова Тогжан (Б.Хайдаров ат.ЖОББМ), Толымхан Жиналған («Шағала» балабақшасы) ІІ орынға ие болды.

Мардан Көркем (Ш.Айманов ат.ЖОББМ интернаты) жүлделі І орынға ие болса, Қабылқайыр Диана (З.Ақышев ат.ЖОББМ) бас жүлде иегері атанды.

Советханқызы Ақерке (Ұшқұлын НББМ), Макашева Макпал (Шадыра мектеп б/б оқу тәрбие кешені), Бакирова Ардақ (Шөптікөл ЖОББМ), Дәулетбекқызы Жұлдыз (№1 Майқайың ЖОББМ), Құдайберген Нұрайлым (Қ.Кемеңгеров ат.ЖОББМ), Смагулова Дамет (Жайма ЖОББМ), Қадылбекқызы Анаргүл («Майқайың кенті бөбектер бақшасы»), Ильдина Зарина (Сұлужон ЖОББМ), Максутова Ботагөз (№2 МЖОББМ) байқауға белсене қатысқандары үшін марапатталды. Шараға белсене қатысқандарға, жүлделі орындарға ие болған ұстаздарға мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы