Пресс-релиз

Жарияланған: 01.12.2019


Ит- жеті қазынаның бірі демекші, ағымдағы жылдың 29-шы қарашасы күні Баянауыл ауданының орталығында ауданның дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің шақыруымен арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан келген "Қансонар" аңшылар мен аңшылық шаруашылығының республикалық қауымдастығының халықаралық дәрежедегі эксперті Н.М. Макерованың, бас кинолог И.А. Назаренконың қатысуымен, алғаш рет қазақы құмай тазыларының көрмесі ұйымдастырылды. Игі іс-шараны ұйымдастыруда Мақсұтбек Көпжасаров бастаған ауданымыздың бір топ азаматтары өз үлестерін қосты.

Көрмеге жалпы 30-ға жуық тазы қатысты. Көрме барысында әр тазының антропометриялық ерекшеліктеріне сай сипаттамасы мен бағасы беріліп, иелеріне дипломдар табысталды. Сонымен қатар, тазылар жас ерекшеліктеріне жынысына байланысты топтарға бөлініп, салыстырудан өтті. ⠀Атап айтсақ, кіші топта арландар арасында сынға түскен "Лашын" атты тазы 1-ші орын, "Жебе" атты тазы 2-ші орынды иеленді, иесі Тимаш Р.Е., осы топта сынға түскен "Ақбан" лақапаты бар тазы 3-ші орын иеленді, аналық жынысты тазылар арасында кіші топта "Құмай" атты тазы 1-ші орын иеленді, иесі - Тан М.Е. ⠀Орта топта арландар арасында Сұңқар" атты тазы 1-ші орын, иесі Закриянов К.Т. "Арлан" 2-ші орын, иесі Айтбаев Н.С., "Ақтөс" 3-ші орын, иесі Құлмағамбет С.Қ. Аналық жынысты тазылар арасында 1-орын "Сары гүл" иесі Жұмабаев М.Е., 2-орын "Құмай" иесі Қожахметов Е.Қ., 3-орын "Ұялас" иесі Айтбаев Н.С. иеленді.

Жоғары топта арландар арасында сынға түскен "Алау" 1-орын, есі Тимаш Р.Е. иеленсе, аналық жынысты тазылар арасында 1-орын "Көк тұйғын" иесі Көпжасаров М.Ө., 2-орын "Ақ құс" иесі Жакупов Т.К., 3-орын "Қоңыр киік " иесі Закриянов Қ.Т. еншіледі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы