Пресс-релиз

Жарияланған: 14.10.2019


Баянауыл ауданының құрметті азаматы, Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, ұлағатты ардагер ұстаз Зекебай Солтанбайұлының «Мәшһүр», «Жүсіп», «Көпеев», «Ғұлама», «Адам» атты 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Кешке Зекебай ағаның балалары мен туған-туыстары, Баянауыл ауданының әкімі, Баянауыл ауданының құрметті азаматтары мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Баянауыл ауданының әкімі Қайыргельдинов О.Ә. «Ақынның Жүректен шыққан ғибратты сөздері кітап сүйер оқырман қауымның рухани кенін байытады деген сенімдемін. Зекебай ағаның  деніне саулық, отбасына амандық тілеймін, қаламы мұқалмай, қажырлы еңбегі ел тарихын рухани қазынаға толықтыра берсін» - деп ізгі ниетін білдірді.

Сонымен қатар, кеш қонақтарының ішінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Ғалым Жайлыбаев, Жазушылар Одағының Павлодар облысындағы филиалының директоры, ақын Арман Қани, «Найзатас» журналының бас редакторы, ақын  Асыл Әбіш сынды азаматтар Зекебай ағаның өмір жолы жайлы сыр шертіп, ақ тілектерін білдірді.

Зекебай Солтанбаев ежелден-ақ жас ұрпақты ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелеп, бойына ұлтжандылық, отансүйгіштік секілді сезімдерді сіңіре білген.

Мәшһүртанушы, Мәшһүр Жүсіп туралы көптеген еңбектер жазған Зекебай Солтайұлы ағамыз сөз сиқырын бойына сіңіре білген ақындардың бірі. Көзі қырағы, қолы зергер автордың жырлары бүгінгі таңда өз оқырмандарын таба білді. Сонымен қатар, ақын бірнеше әндердің авторы. Жыр сүйер қауымның атынан халықтың қалаулысына айналған ақын ағамызға ұзақ баянды ғұмыр, көптеген тың жыр туындылары жазыла берсін деген тілек тілейміз.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы