«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Жарияланған: 19.12.2019


         2019 жылдың желтоқсан айының 17-сі мен 2020 жылдың қаңтарының 3-і аралығында Баянауыл ауданы аумағында Жаңа жыл мерекесін өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды және жеке тұрғалардың азаматтық пиротехникалық өнімдерді яғни «от-шашулар» мен оларды қолданып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау мақсатында, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын 2-кезеңде өткізу ұйымдастырылды.

         Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция қызметі мен Төтенше жағдай бөлімінің өртке қарсы қызмет бөліністері қызметкерлерін тарта отырып, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, әкелу, әкету қағидаларын, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге сатуға тыйым салуды түсіндіру бойынша жұмысы жасалуда.

         Барлық анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жауапкершілікке тарту шаралары қабылданатын болады.

 

Баянауыл ауданы Полиция бөлімінің

Қызметтік және азаматтық қару айналымын

бақылау тобының инспекторы полиция

капитаны Р.Есмакаев

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы