Пікір алмасу сабағы өтті

Жарияланған: 11.04.2019


Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының 9-сынып оқушыларымен «Діни экстремизмнен қалай сақтанамыз?» тақырыбында пікір алмасу сабағы өтті.

Сабақты ұйымдастырып өткізген «Зайырлылық және дінтану» пән мұғалімі Б.Б.Джанкулова оқушыларға қызықты болу үшін пікір алмасуды шағын тақырыптық бейнефильмдер көрсетумен бастады. Оқушылар көрсетілген фильмдер бойынша өз пікірлерін ортаға салып, жастар арасында дәстүрлі діннен адасып, қылмыстық әрекеттерге бару өкінішке әкелетінін сөз етті.

«Экстремизм» ұғымына анықтама беріліп, діни экстремизмнің біздің қоғам үшін жат екені айтылды. Сабаққа арнайы шақырылған мектеп-интернатының психологы А.А.Жуматова оқушылармен «Марионетка» және «Жоқ» деп айтып үйрен!» деген психологиялық тренинг-ойындар өткізді.

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Е.М.Саликова балаларға діни сауатсыздық көп жағдайда танымайтын, бөтен адамдардың айтуымен қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін әрекеттер жасауға негіз болатынын ескертіп, өте сақ болуды еске салды.

Сабақ соңында діни экстремизмге қарсы ең басты тетік – діни сауаттылық екендігі жайлы қорытынды жасалды. Ал діни сауаттылық дегеніміз – ұлттық тарих, дәстүр, діни таныммен қатар жаһандық үрдістерден хабардар болу, өз Отанын, елі мен тілін қастерлеу.

Қазақ мәдениетінің мазмұнында исламның озық құндылықтары бар екенін ұмытпау. Пікір алмасу сабағына қатысқан оқушылардың барлығына тақырыптық  таратпа материалдар үлестірілді.

                                     Таштаева Мөлдір, 11-сынып оқушысы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы