• Меню » Жаңалықтар » Павлодарда Мемлекет басшысына «Рухани жаңғыру» көрмесі көрсетілді

Павлодарда Мемлекет басшысына «Рухани жаңғыру» көрмесі көрсетілді

Жарияланған: 18.07.2018


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Павлодар облыстық С. Торайғыров атындағы кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылып, «Рухани жаңғыру» көрмесі таныстырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.  - Елбасының төрағалығымен кітапханада өткен көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алты бағытын да қамтыды, - деді  «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінде. - Мемлекет басшысына денсаулық сақтау және білім беру саласындағы цифрландыру бойынша баяндама жасалды. Сонымен қатар, Ертіс өңірінің киелі жерлерінің суреттер көрмесі ұйымдастырылып, адырна ұлттық аспабында композиция орындалды.  Картада аймақтағы 41 орын енгізілген.

Оның бесеуі республикалық тізілімге қосылған. «Қазақстан жаһандану әлеміндегі замануи мәдениет» блогында  Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның Италия елінің 22 қаласына жасаған гастрольдік сапары фотоколлаж арқылы көрсетілді. «Ғасырлар үні» блогында Ертіс өңірінен шыққан белгілі тұлғалардың домбыралары  таныстырылды. Бүгінгі таңда Google компаниясында жұмыс істейтін Қуат Есеновтың анасы шақырылды. Тележүргізуші Марина Сахарова қазақ тілінде жарық көрген 18 кітап туралы айтып берді.

  Еске сала кетейік, жұмыс сапарымен Павлодарға келген Елбасы қоспалы алюминий шығаратын «Giessenhaus» ЖШС мен кабельді өнімдер шығаратын «Қазэнергокабель» АҚ мен Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысымен танысты.

 Томирис Бекжан pavlodarnews.kz

Материалдар www. www.pavlodarnews.kz веб-сайтынан алынған

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы