Озық ұстаз

Жарияланған: 17.10.2018


Жас ұрпақтың келешегі жарқын болу жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың қатарында – Рахметова Фарида Кенжебаевна да бар. Ол Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде  оқушыларға өзін-өзі тану пәнінен білім беріп келеді.

Шығармашыл ұстаздың шәкірттері республикалық сайыстардың жеңімпазы атанып жүр. Атап айтсақ, Астана қаласында «Шабыт» Білім беру – әдістемелік орталығында өткен «Ұстазым-ұлағатым» атты мұғалімдер күніне арналған республикалық сырттай байқауға «эссе» номинациясы бойынша қатысқан 9 «Ә» сынып оқушысы Зекен Айғаным I дәрежелі дипломның иегері атанса,   8 «Ә» сынып оқушысы Қаракесек Томирис II дәрежелі дипломды  иеленіп,    7 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Бекайым «Ұстазым-ұлағатым» атты республикалық  байқауына қатысқанын растайтын  сертификатқа ие болды.    

Ізденімпаз ұстаз- әріптестерінің ортасында беделді, кез келген уақытта ешкімнен көмегін аямайтын жүрегі мейірімділікке толы, жанашыр жан. Мұғалімдікпен қатар, 7 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі.

Оқушылардың патриоттық сезімін, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту барысында ұйымдастырылып өткізетін әрбір мерекелік тәрбие сағаттары мазмұны жағынан жоғары деңгейде өтеді. Жас ұрпаққа берер біліміңіз шыңдай берсін. Сіз берген біліммен, жақсы тәрбиені ала отырып, оқушыларыңыз қыран құстай самғай берсін. Фарида Кенжебайқызына шығармашылық табыс, отбасына береке тілейміз.

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Абишева Ләззат Танирбергеновна.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы