Оқу-жаттығу жиыны өтті

Жарияланған уақыты: 29.10.2018


Өткен аптада Баянауыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Қыс-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығу  жиынын өткізді. Бейнет айтып келмесі анық. 
Сол үшін де қандай да бір төтенше жағдай туындай қалса, соның алдын алып, жылдам әрі нақты әрекетпен күресу мақсатында өткен жаттығуға ауданның телекоммуникация торабы, ватеринария бөлімі, аудандық аурухана, өрт сөндіру бөлімі, ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бөлімі, Баянауыл мемлекеттік табиғи паркі, ішкі істер бөлімі, аудандық ЭЖМ бөлімі және тағы басқа бөлімдер қатысты. 
Бұл оқу-жаттығу жиыны қыс мезгілінде болатын боран мен бұрқасын кезінде, өрт кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу, коммуналдық шаруашылықтардың қысқа әзірлігін байқау мақсатында ұйымдастырылды.
Жалпы апаттардың зардаптарын жоюға, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды төтенше жағдайлар аймағынан эвакуациялауға шұғыл әрекет ету отрядының даярлығы тексерiлдi. Ұйымдастырылған оқу-жаттығу еліміздің басты байлығы – адам өмірі мен материалдық құндылықтарды сақтауды мақсат етеді.
Баса назар аударылып тексерілген ол жедел жәрдем қызметі, полиция қызметі және электр жүйесінің мамандары аудандық ЭЖМ бөлімі болды. Өзіндік нормативтік уақыттарына аудандық ЭЖМ бөлімі сай келмеді. 


М.СЕЙСЕНБЕКҰЛЫ.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы