Введите ваш запрос для начала поиска.

Отбасында зорлық – зомбылыққа жол жоқ.

Жарияланған: 30.11.2018


Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.

Осындай атаумен Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінде оқушылар мен ата- аналар арасында «Отбасында зорлық – зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Мақсаты:Салауатты ұрпақ тәрбиелеудегі мектеп пен ата- аналар арасындағы ынтымақты қалыптастыру. Ата- аналармен бетпе- бет кездесе отырып, жасөспірімдердің бойындағы өзгерістердің қалыпты, табиғи заңдылық екендігі жөнінде пікір алмаса отырып, тәрбиенің тиімді дұрыс жолын таңдауда психологиялық тұрғыдан көмек көрсету, кеңес беру.

Кездесу психологтың ұйымдастыруымен «Сәлемдесу» тренингінен басталды.  Ата- аналарға отбасындағы зорлық- зомбылық, оның түрлері туралы шағын дәріс оқылды.  Психологиялық тренингтар ата- аналарға әр түрлі жағдаяттық сұрақтар беріліп, талданды. Одан әрі балаға қатысты кейбір жағдайды алдын- алу үшін ата- аналарға кеңес беріліп, кездесуімізді қорытындылау мақсатында «Тілек білідру» тренингі өткізіліп бейнебаян тамшалаумен аяқталды.

Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі педагог- психолог:Каби А.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы