Отбасы - ұлт болашағы

Жарияланған: 13.09.2018


Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде отбасы күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарында оқушыларға отбасы құндылықтары туралы мәліметтер айтылды. 11 қыркүйек күні білім алушылардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 2 сыныпта  «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында дөнгелек үстел,6 сыныпта  «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты сайысы болып, оқушылар өздерінің отбасына деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

12  қыркүйек күні  5  «А» ,  5 «Ә» сыныптың жетекшілері  С.З. Кошланова  мен А.М. Мыкраеваның  отбасы мүшелерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Толағай» атты отбасылар арасында спорттық ойындардан сайыс өткізді. Сайысты денешынықтыру мұғалімі

Сания Радикқызы жүргізді.  5 сыныптың  жетекшісі Мыкраева Алия Мэлісқызы «Сұңқар» және «Қыран» аталған  екі топтың ата-аналарына  кенгуру, пингвин , арқан тарту тағы басқа сайыстың  түрлеріне тоқталып,ойнау шарттарын түсіндірді.  Өзара сайысқа түскен топ ішінен жеңіске жеткен топ «Сұңқар» тобы болды. Сайысқа қатысып, белсенділік танытқан отбасыларына мектеп директоры М.Т.Кожанов алғыс айтып, мақтау қағазымен марапаттады.

З.Х.Батабаева

Бірлік ауылы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы