Отбасы бақыты-бала деген…

Жарияланған: 16.05.2019


Отбасы адам баласының өсіп-өнер алатын  ұясы. Адам өміріндегі ең қуанышты, қызық сәттері осы отбасында өтеді. Отбасында бала ата-анасын, туған-туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болып, алтын ұя мектебінде сабақты жақсы оқып, білімді, мәдениетті, жан-жақты болып өсуге ұмтылады. 15-мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай,  Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 1-11-сыныптар арасында отбасылық құндылықты насихаттау мақсатында ашық тәрбие сағаттары болып өтті.

Оқушылар ұйымшылдыққа,  жауапкершілік пен ептілікке үйрене отырып, өз отбасылық құндылықтарын, салт-дәстүрін біліп, қоғамға   болашақта өз үлестерін қосу керектігін білді.

Сынып сағатына әр сыныптың ата-аналары, ата-әжелері мен туған-туыстары қатысты. Оқушылар ата-аналарының ақыл-кеңестерін тыңдап, отбасылық құндылықтың мағынасын ашты. 

Данышпан  ойшыл Абай атамыз айтқандай: «Балаға мінез үш адамнан қалыптасады екен. Біріншісі-ата-анасынан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан».7 «Ә»-сыныбында өткен ашық тәрбие сағатына бірнеше ата-ана қатысты. Бейбіт Айзаттың әжесі-Орынбасар апа – «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы»,- деп өз ойын ортаға салды.

Баланың бас ұстазы-оның ата-анасы. Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы, киім-киісі, мінез құлқы-бәрі де балаға үлгі. Сондықтан әрбір ата-ана – баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен шыққан  нанның тәтті екендігін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайда  жылы сөзбен түсіндіріп,шешу керектігін айтып, сөзін аяқтады. 

Оқушылардың есте сақтау қасиетін дамыту мақсатында «Бұл кім?»-деген ойын ойналды. Шарты: Отбасы мүшелерінің атын атап, жасырынған отбасы мүшелерін табу.

Оқушыларды тапқырлыққа үйрету мақсатында, «Сиқырлы кигіз үй» тәтті кәмпиттердің сыртына жазылған сандар бойынша  отбасы тақырыбына байланысты мақал-мәтелдердің жауабын табу балаларды өте қызықтырды. Ата-аналарымен бірге «Тату-тәтті отбасы» ойыны ойнатылды.

Сынып сағатының қорытынды сәтінде ата-аналар алғыстарын білдіріп, «Құндылықтар ағашына» өз тілектерін жазды.  Біздің данышпан аталарымыз отбасын «Даналық ағашына» теңей білген. Ағаштың тамыры тереңге жайылса, ол отбасының тәрбиесі өте мықты болғанын бірнеше рет дәлелдеп берді.  Ақиқат – ол шындық.

Отбасында ата-аналары щындықты айтып, ақиқат жолына салса, балаға сүйіспеншілік  танытып, күннің нұрындай жүрегіне жылулық сыйласа, баланың ішкі жан- дүниесі өзгеріп, дұрыс іс-әрекет жасай отырып, қоршаған ортаға мейірімділік таныту арқылы, қоғамға пайдалы еңбек етіп, өмірде қиянат жасамай, бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеру арқылы, болашақта өз халқына қызмет жасап,  Отан алдында өз борыштарын сенімді түрде ақтай алады деген ойдамын.

Рахметова Фарида Кенжебаевна

«Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы