"Қош бол, балабақша!"

Жарияланған: 30.05.2019


Мамырдың 30 күні "Қош бол, балабақша! ” атты балабақшада қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік Аудандық білім бөлімінің бас маманы Мұқышев Рүстем Амантайұлының және  балабақша директоры Ибраева Арай Дулатқызының құттықтау сөзімен ашылды. Аталмыш ертеңгілікке мектепке баратын балабақша түлектері қатысты. Түлектер тәрбиешілеріне алғысын әсем бимен білдірді. Сондай-ақ кеште түлектер өз өлеңдері мен əндерін, билерін ортаға салды.

Ертеңгілікке балалардың сүйікті телехикаясындағы  Қалқанқұлақ кейіпкері және сиқыршы қонаққа келді. Балалар ойындар ойнап, "Портфель" көрінісін сомдады. Тəрбиешілері Магипратва Сарқыт Женісқызы мен Аманбай Айгүл бүлдіршіндерге деген ыстық сезімін білдіріп, ақ жол тіледі.

Ата-аналар балабақша ұжымына алғыстарын айтты. Сонымен қатар балабақша өмірінен шағын көрініс көрсетіп балабақша ұжымын таң қалдырып, балаларға күлкі сыйлады. Ертеңгілікті балабақша директоры балаларға сыйлықтар сыйлап, дипломдармен марапаттады. Ертеңгілік өте қызықты жəне жақсы деңгейде өтті.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы