Орталық кітапхана қызметкерлерімен семинар – кездесу

Жарияланған: 24.07.2018


Терроризм мен діни экстремизмнің соңғы кезде әлем бойынша белең алып бара жатқаны айдан анық. Діни саяси экстремизм деген саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс қимыл. Діни жат ағымға адасқан жастарымыз бой алдырып жатқаны әрине өкінішті. Осының алдын алу бүгінгі күннің басты талабы.

Осы мақсатта ағымдағы жылғы 24 шілде күні аудандық  кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Қазіргі уақыттағы жат діни ағымдар» тақырыбында «Имандылық» орталығының ұйымдастыруымен семинар- кездесу өткізілді.

Қазіргі таңдағы діни көзқарасқа БАҚ құралдарының үлесі қаншалықты көмек көрсете алады, қазіргі қоғам тарапынан көкейкесті мәселелердің бірі – 16 жасқа толмаған балалардың дінге деген көзқарасы сізді алаңдата ма, шет елдерде білім алу мәселесі біздің ортамызда қалай дамып, жетілуде?- деген сұрақтарға қызу пікірталас болды. Жалпы семинар барысында шараға қатысушылар тарапынан  қойылған сұрақтарға нақты  жауаптар берілді.

Шара барысында «Теріс діни ағымды білесіз бе?» атты бейнеролик көрсетіліп, әдістемелік құралдар таратылды.   

 

                                                                     «Имандылық» орталығы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы