«Орман ертегісінде» жазғы отбасылық лагері өткізілді

Жарияланған: 18.07.2018


Шілде айының 13-і мен 15-сі аралығында Шарбақты ауданында орналасқан «Орман ертегісі» СК-нің базасында - «Кенжекөл жастары» Жастар Қоғамдық бірлестігімен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша өткізілетін «Отбасылық шеңберінде!» жобасын іске асыру аясында «Отбасымен бірге!» жазғы отбасылық лагері ұйымдастырылды.

         Іс-шараның басты мақсаты болып, -  жас отбасыларды жалпы психологиялық және әлеуметтік сауықтандыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау,  сонымен қатар жастардың өмірінде отбасының рөлі мен мәртебесін арттыру анықталып, сонымен қатар лагерьді өткізу кезіндегі басымды бағыттардың бірі болып, - неке бұзу үрдісінің алғы шарттарын болдырмау болып белгіленді. Маусым айында ұйымдастыру комитетімен жас отбасылық жұптардың өмірінде жиі кездесіп тұратын, өзекті машақатты мәселелерді  анықтау мақсатында қалалық отбасылардың арасында сауалнама жүргізіліп, кейін қорытындысы «Отбасымен бірге!» жазғы отбасылық лагерьдің бағдарламасына тақырыптық тренингтерге енгізу мақсатымен жұмыс атқарылды. Берілген іс-шараның ерекшелігі – отбасылардың балаларымен бірге қатысу, сонымен қатар тренингтердің, сұхбат алаңдарының белсенді түрлерін қамтитын және балалармен жеке сабақ өткізуді сүйемелдейтін бағдарлама болып отыр. Басты жаттықтырушы болып, психологиялық ғылымдар кандидаты, доцент - Кравцова Татьяна Маратовна болды. Жалпы қатысқан отбасылық жұптар саны 20, барлығы 29 жасқа дейінгі облыстың қала мен аудандарында тұратын жастар өкілдері. Отбасылы жұптардың белсінділігі мен қызығушылық деңгейлерін сараптамалық бағалау нәтижесінде, ең үздік 10 отбасы: Сағындықовтар (Павлодар қ.); Қашитовтар (Павлодар қ. ауылдық елді мекеніңдегі Ленин кенті); Ломаевтар (Ақсу қ.); Солтановтар және Төлепбергенұлы (Баянауыл ауданы); Темиковтар (Железин ауданы); Амиржановтар және Шуйкеновтар (Лебяжі ауданы); Жұлдыз (Май ауданы); Садығазиндар (Павлодар ауданы) – сыйлықтармен (балаларға арналған самокаттармен) марапатталып, қалған жұптарға лагерьді ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтар тарту етілді.

         «Отбасылық шеңберінде!»жобасының келесі кезеңі болып – қыркүйек айында өткізілуге жоспарланған - «Жас отбасы» облыстық сайысы, қазақстандық отбасы Күні мерекесіне арналып өткізіледі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы