ОРАЛМАН, ӨЗ МҮМКІНДІГІҢДІ ПАЙДАЛАН!

Жарияланған: 23.05.2019


Мемлекет басшысының 2019 жылғы 16 наурыздағы тапсырмасына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар барлық этникалық қазақтарды, оның ішінде мерзімі өткен оралман мәртебесі бар этникалық қазақтарды жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау бойынша толық шаралар кешенін іске асыруда.

Осындай мүмкіндік Мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, отырған «Оралман» мәртебесінің уақыты өтіп кеткен қазақтарды жеңілдетілген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау – жыл аяғына дейін ғана белсенді бір реттік акция ретінде жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органы, этникалық қазақтарға «оралман» мәртебесінің өту мерзіміне қарамастан олардың мәртебесін ұзарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жергілікті атқарушы органдар ұзартқан «оралман» мәртебесі куәліктері негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу) алу үшін облыс ПД Көші-қон бөліністерімен тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша этникалық қазақтардан құжаттар қабылдануда.

«Оралман» мәртебесінің қолдану мерзімі өтіп кеткен этникалық қазақтар оны ұзарту үшін Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59 мекенжайында орналасқан мемлекеттік мекемеге жүгіне алады.  

«Оралман» мәртебесін мүлдем алмаған қоныстану ықтиярхатымен және азаматтығы жоқ адамның куәлігімен тұратын қазақтар тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) өтінішпен жүгіне алады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда толық ақпарат немесе кеңес алу үшін тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша Көші-қон қызметі бөліністеріне, болмаса Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі 70/1 мекенжайында орналасқан облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасымен хабарласуыңызға болады, байланыс телефондары:378008, 378024.

 

Баянауыл ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы