Облыстық пән олимпиадасының жеңімпазы

Жарияланған: 11.01.2019


Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 4-5 қаңтар аралығында 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының  9-11-сынып оқушылары арасында 57-ші облыстық пән олимпиадасы өтті.

       Облыстық пән олимпиадасына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26 команданың 680 оқушысы қатысты. Баянауыл ауданынан 25 оқушы бақ сынады.

       Олимпиада қорытындысы бойынша Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Бекзат Каменов тарих пәнінен III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Жұлдыз Мырзағалиқызы Жанұзақова.

       Білімнің биік шыңдарын бағындыра білген 16 оқушы 3 жоғары оқу орнының білім грантына ие болды. С.Торайғыров атындағы ПМУ университеті төрт, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті сегіз және Инновациялық Еуразия университеті төрт білім гранттарын табыс етті.

                                                                                  

 М.Т.Шумақова

білім бөлімнің әдіскері

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы