• Меню » Жаңалықтар » Облыс әкімінің шыршасына ауданымыздан екі оқушы қатысты

Облыс әкімінің шыршасына ауданымыздан екі оқушы қатысты

Жарияланған: 27.12.2018


      "Ертіс" қонақ үйінде Павлодар облысының әкімі атынан жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Мерекеге Баянауыл ауданынан №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Роман Портье мен №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Мейіржан Шотов қатысты.

      Бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаған өңір басшысы Болат Жұмабекұлы Бақауов «Сіздерді келе жатқан Жаңа Жылмен шын жүректен құттықтаймын. Мереке қарсаңында барлықтарыңыз тілек тілеп, армандайсыздар. Тілектердің орындалуы үшін не істеу керек? Ол үшін жақсы оқу керек, үлкендерге қамқорлық жасап, ұстаздарды сыйлау қажет»,-деп тіледі.

      Мерекеде Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка драма театрының әртістері мен М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы тәрбиеленушілері мен педагогтары басты рөлдерді сомдаған театрландырылған қойылым қойылды.
     Облыс әкімі мерекеге қатысқан 150 балаға смартфон, құттықтау хаттар, ойыншық пен тәттілер сыйлады.

М.Т.Шумақова

білім бөлімінің әдіскері

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы