Облыс чемпионаты ұйымдастырылды

Жарияланған: 25.12.2018


Дзю-До– спорт түрі, жапондардың ұлттық күрес ойыны. XIX ғ-дың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған ол олимпияда ойындарына 1964 жылы енген. Осынау спорт түрі біздің елімізге XX ғ-дың 60-жылдарынан бері дамып келеді. Дзю-до спорты физикалық күш пен икемділікті, иілгіштікті, ақыл-ой жинақтылығын, төзімділікті үйретеді. Дзюдода артық ештеңе керек емес, ешкімді ұрып-соғу, жарақаттау немесе есінен тандыру дзюдода мақсат саналмайды! Тек қарсыластың арқасын жерге тигізссеңіз болды!

Дзюдода жылдамдық күш жетілдіру санасы өте маңызды және де олардың мағынасы жыл сайын өсуде. Осыған қарамастан Қазақсанда жыл сайын дзюдоға деген қызығушылық артуда.

2018 жылдың 21-23 желтоқсан күндері Павлодар қаласында дзюдо күресінен  2002-2004 ж.т жасөспірімдер мен қыздар арасында облыс Чемпионты ұйымдастырылды. Бұл чемпионатқа  облысымыздың барлық қалалары мен аудандарынан 200-ге жуық палуандар белдесті. Бұл белдесуден Майқайың кентінің командасы да құр оралмады. 48 келі салмақты  Акимова Маруани жүлделі 1-ші орынды иеленсе, 57 келі салмақты Асылбекқызы Риса мен 60 келі салмақты Акмеркаримов Адилбек жүлделі 3-ші орындарды иеленді. Жеңіспен қанжығасын майлаған палуандарымыз алдағы уақытта Тараз қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысып, күш сынаспақ.

Кентіміздің спорт саласын өркендету мақсатында аянбай еңбек етіп, жүлделі жеңіспен оралған мектебіміздің шәкірттері мен жаттықтырушы бапкерлер: Рай.А., Шарипжанов О.А.,Далелхан М. алғыс білдіреміз!

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы