• Меню » Жаңалықтар » Нұрсұлтан Назарбаев жерді суаруда суды үнемдеуді тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев жерді суаруда суды үнемдеуді тапсырды

Жарияланған: 18.07.2018


Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Елбасы ауыл шаруашылығы салысында егістік жерді суару үшін жаңа технологияларды пайдалану керектігін айтып, бірқатар тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. - Өңірде мал шаруашылығы мен сурмалы жерлерге жақсы жағдай жасалған, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Алайда, 75 мың гектар суармалы жердің 47 мың гектары ғана қолданылады. Нәтиже болу үшін суды үнемдеп, жаңа технологияларды пайдалану керек. Мысалы, Шымкент маңында тамшылап суару бойынша израильдік технологияны қолданудың нәтижесінде 1 гектардан 15 центнер өсім алған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өндірісіне мемлекеттік субсидияны 2,5 есеге арттыруды жүктегенін айтып, сол бағытта жұмыс жасауды тапсырды.

 

 

Оразбек Саяхат

Фото: aikyn.kz

Материалдар www. www.pavlodarnews.kz веб-сайтынан алынған

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы