• Меню » Жаңалықтар » Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысында аллюминий өндірумен айналысатын кәсіпорындарға қолдау көрсетуге уәде берді

Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысында аллюминий өндірумен айналысатын кәсіпорындарға қолдау көрсетуге уәде берді

Жарияланған: 18.07.2018


Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Елбасы аллюминий өндіретін «Giessenhaus» ЖШС-нің жұмысымен танысып қайтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Облыс орталығына келген Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен «Павлодар» арнайы экономикалық аумаққа атбасын бұрды.

Бұл жерде отандық алюминийден алғашқы өнім шығарылып жатқаны  туралы баяндалды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа экспортқа өнім шығаратын басқа кәсіпорындардың жұмысы жайлы мәлімдеме жасалды.  Мысалы, «СНН» ЖШС-де теміржол, ауыл шаруашылығы мен мұнай-газ саласына бағытталған үш мың түрлі бұйымдар өндіріле бастады.

- Біз сағатына 300 шақырым жылдамдықпен қатынайтын пойыздар жүретін теміржол құрылысына пайдаланылатын анкерлер өндіреміз, - деді компания директоры Евгений Москалик.

– Бұл өнім еуропалық теміржол құрылысында қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Біз құрылысшыларды жылына бір миллион аллюминий радиаторларымен қамтамассыз ете аламыз.

Негізі жылына төрт миллион секция шығару жоспарланған.

- Біз сіздерге міндетті түрде қолдау көрсетеміз, - деді өз кезегінде кәсіпорын басшысына Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан басқа, Мемлекет басшысына теміржол доңғалақтарын шығарумен айналысатын өнеркәсіптің іске қосылғаны туралы айтылды. 

Бүгінгі таңда Екібастұз қаласындағы «Проммашкомплект» ЖШС технологиялық үрдістерді реттеп, өнімді шығаруға көшкен. Зауыт өкілдері теміржол өнімдерін жеткізу жайлы Ресей мемлекетімен екі келісімшарт жасасқаны жайлы айтып, алдағы уақытта Иран, АҚШ және Еуропа елдерімен ынтымақтастық жүргізілетінін алға тартты.  

Фариза Қазыбекқызы Фото:Владимир Бугаев pavlodarnews.kz

Материалдар www. www.pavlodarnews.kz веб-сайтынан алынған

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы