• Меню » Жаңалықтар » Нұрсұлтан Назарбаев: Цифрландыру адами факторды қажет етпейді

Нұрсұлтан Назарбаев: Цифрландыру адами факторды қажет етпейді

Жарияланған: 18.07.2018


Мемлекет басшысы Павлодар мұнай-химия зауытында болып, мұнай-газ саласына цифрландыруды енгізу барысымен танысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. тілшісі. «ҚазМұнайГаз» АҚ директорының орынбасары Данияр Тиесов Елбасына кәсіпорында жүргізілген жаңғырту жұмыстары туралы баяндады. Жобаны жүзеге асыру үшін компания 80,5 миллиард теңге жұмсаған. Бұл  италияндық мамандар жүргізген бастапқы бағадан біршама төмен.

- Жаңа құрылғылар орнатудың орнына  өзіміздегі бар құрылғыларды қайта  жаңғырттық,

- деді ол.

– Бүгінде зауыт К-4 және К-5 өнімдерін шығарады, әуекеросины мен жоғары октанды жанармай өндірісі қайта қолға алынды. Цифрландыруға келетін болсақ, қазіргі күні қазақстандық мұнайшылар оның тиімділігіне көз жеткізген.  Бұрын мұнай өңдеу зауыттарында әрбір цехта операторлар болса, бүгінде кәсіпорынмен басқару бір мекемеден жүзеге асырылады.

Операторларға технологиялық құрылғылардан барлық ақпарат келіп түседі.

-  Тағы бір мәселе – қолдану мәдениетін арттыру, - деді Данияр Тиесов.

– Зауыттағы  оқиғалар сараптамасы 90 пайызда адами фактор себеп болатынын көрсетіп отыр.  

-  Цифрландыру мұндай мәселелердің шешімін табады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

– Сонда барлығы кестеге сәйкес жүргізіледі.

Басқару бір ғана пунктен жүзеге асырылатындай автоматты түрде еңбек өнімділігін арттыру үшін цифрландыруды енгізіңіздер. Мемлекет басшысына мұнай өңдеудің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс атқарылып жатқаны айтылды.

Бұл өндірілетін жанар-жағармай материалдарының өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Егер де биыл  жанармай шығару бойынша жоспарлы көрсеткіш 2,952  миллион тоннаны құраса, 2019 жылы  2,268  миллионға жету керек.  Нәтижесінде қазақстандық мұнайшылар үшін ішкі нарықты толық жабу ғана емес, мұнай өнімдерін экспорттау   мүмкіндігі де туады. Данияр Тиесов «ҚазМұнайГаз» Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан нарығына  шығуды   жоспарлап отырғанын жеткізді.

Томирис Бекжан

Фото: Дархан Өмірзақов

Материалдар www. www.pavlodarnews.kz веб-сайтынан алынған

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы