Новый ресурс

Жарияланған: 18.07.2019


16-шы шілде күні аудан әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Баянауыл аудандық үкіметтік емес ұйымдардың есептік жиыны өтті.

Жиынға аудандық мекеме басшылары, зейнеткерлер, «Қамқорлық аясы» қоғамдық қоры мен «Тұма» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Жиын барысында аталмыш ұйымдардың жетекшілері есеп беріп, қаржының қалай игеріліп жатқаны туралы айтты, өздерінің ұсыныстарын білдірді.

Айта кетерлігі, «Қамқорлық аясы» қоғамдық қоры аудан əкімінен өздеріне жеке ғимараттың қажеттілігін алға тартса, «Тұма» жастар қоғамдық бірлестігі «Көкпар» алаңын ашу бойынша ұсыныс тастады.

Оразгелді Əліғазыұлы бұл ұсыныстардың қарастырылатынын жеткізді.

Сондай-ақ, жиында өзге үкіметтік емес ұйымдардың игерілмейтін қаржысы болса, атқарылмайтын жұмысы болса жабылатынын талқыға салды.

Ішкі саясат бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы