• Меню » Жаңалықтар » Құндыкөл ауылында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында кездесу өтті

Құндыкөл ауылында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында кездесу өтті

Жарияланған: 03.10.2018


2018 жылғы 28 қыркүйек күні Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында Баянауыл аудандық Ішкі Істер бөлімінің кәмелетке толмаған жөніндегі жасөспірімдер инспекторы Нығмет Дидар Қайроллаұлы және Құндыкөл ауылдық полиция учаскелік инспекторы Абен Оразалы Болатұлымен кездесу өтті.

Бұл кездесудің басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Кездесу барысында мектеп оқушыларына жеңіл көлік, мотоцикл жүргізуге, түнгі 23.00-ден кейін көшеде жүруге болмайтыны жайлы ескертілді. Сабаққа кешігіп келетін немесе сабақ босататын оқушыларға да қолданылатын шаралар туралы айтылды.

Баянауыл аудандық Ішкі Істер бөлімінің кәмелетке толмаған жөніндегі жасөспірімдер инспекторы Нығмет Дидар Қайроллаұлы оқушыларға өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, оқушылардың құқықтары жөнінде, құқық заңдарын бұзған жағдайда қандай жазалар болатыны туралы айта кетті.

                   

                   Тәрбие ісінің меңгерушісі

                                     Ж.К.Аужанова

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы