Нағыз қазақ – домбыра

Жарияланған: 19.12.2019


Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» деген сөзінің мәні зор. Мұндай тұжырымның астында қазақтың осынау киелі аспабын құрттемеген, домбыра үніне еліктемеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Адамдардың бәрінің бірдей музыкалық қабілеті бола бермейді ғой. Ал қандай адам болсын музыканы сүйіп тыңдайды. Демек, музыка адамдардың рухани қорегі деуге болады. Сондықтан да мектептерде балаларға домбыраны ойнауды үйретіп, олардың санасына қазақтың ән-күйлерін жастай сіңірсе, олар нағыз қазақ болып өседі.

Осындай үйірме Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде де ашылды. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Д.Кулумжановтың ұйымдастыруымен Майкөбе кеншінің жұмыскерлері «Мектепке тағзым» ретінде мектеп оқушыларына он домбыра сыйлады. Үйірмеге жетекшілік ететін З.Х.Батабаева. Осылайша, балаларға киелі домбыраны үйрету біздің мектебімізде де қолға алынды.

Жас тілші  Ә.Нескенова

Бірлік ауылы

 Баянауыл ауданы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы