Мұз қалашығы

Жарияланған: 27.12.2018


Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше.

Аязы бет қаритын қыстың көркі мұз қала­шығымен енеді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, Ж. Ағәділов атындағы орта мектептің барлық ұжымы, оқушылар мен ата-аналары мектеп алаңында қардан және әртүрлі бояуларды қолдану арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін жасады. Мектеп ауласын мерекеге орай безендіру ата-аналарды да, оқушыларды да бір қуанышқа бөледі.

Мүсіндері де биыл өзгеше. Жыл белгісі – доңыз кіреберіс қақпадан қарсы алса, ары қарай балалардың сүйікті ертегі кейіпкерлері мұз әлеміне жетелей жөнеледі. Ересектер мен балалар олардың жанында суретке түсіп, келе жатқан Жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алуға дайындық үстінде. Келе жатқан доңыз жылының несібесі мол болғай!

                                                                                       жас тілші,

Нескенова Амина,

Бірлік ауылы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы